«1 Желтоқсан – СПИД- ке қарсы халықаралық күрес күніне» арналған апталық
2018 жылғы 26-30 қараша күндері аралығында ««1 Желтоқсан – СПИД- ке қарсы халықаралық күрес күніне» арналған апталық аясында мектеп медбикесі Ұ.Сабыржанованың бастамасымен ата- аналар жиналысында «Спид- ғасыр дерті» тақырыбында баяндама оқылып, ата- аналарға түсіндірме жұмыстары өткізілді. Ата- аналар жиналысына 250 ата – ана қатысты. Баяндама барысында СПИД ауруының алғашқы белгілері, қалай таралатындығы, аурудан қалай емделу жолдары және ауруға шалдықпас үшін қандай гигиеналық немесе қандай алдын алу шараларын ұйымдастыру қажеттігі туралы айтылды. Parents сонымен СПИД ауруы туралы слайд материалдары көрсетілді. «1 Желтоқсан – СПИД- ке қарсы халықаралық күрес күніне» арналған апталық аясында мектеп медбикесі Б.Омарованыңұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларымен «Бәріміз бірге СПИД-ті жеңеміз»тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 8-11 сынып аралығында 90 оқушы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға СПИД ауруының алғашқы белгілері, қалай таралатындығы, аурудан қалай емделу жолдары және ауруға шалдықпас үшін қандай гигиеналық немесе қандай алдын алу шараларын ұйымдастыру қажеттігі туралы айтылды. Schoolchildren СПИД ауруы туралы слайд материалдары көрсетілді. Кездесу соңында мектеп медбикесімен оқушылар арасында сұрақ- жауап өткізілді.















