25 мамыр соңғы қоңырау » "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы Білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
" Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)322-53-13
Есепші бөлімі:
+7(728)322-53-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
май
2019

25 мамыр соңғы қоңырау

25 мамыр «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны сағат 9:00- де басталып сағат 10:20 аяқталды. Салтанатты жиынымызды 9 сынып оқушысы Республикалық ән байқауының жеңімпазы Сетерхан Дәлелхан мен 7 сынып оқушысы Кумисбаева Малика «Мектебім» атты әсем әнімен ашты. Мектеп түзеліп салтанатты жиынымызға Мемлекеттік Туымыз енгізіліп, Әнұранымыз орындалды. Артынан 11 сынып оқушыларының 10 сынып оқушыларына Туды тапсыру рәсімі жалғастырылды. 

Салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары:

1.Аудандық Аурухананың бас дәрігері Балтабаев Асқар Қалиұлы

2. Қызылағаш ауылдық округінің әкімі – Амитова Сауле Мажитқызы

3. Ауылдық аурухана меңгерушісі – Садыкова Жәмилә Абибулаевна

4. «Нұршуақ» балабақшасының меңгерушісі – Алчинбаева Жанар Нукетаевна

5. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы – Идрисов Алғұмар Қабайханұлы

6. Мәдениет үйінің директоры- Есенаманова Асем Асқарқызы

Мектеп ұстаздары, оқушылары және ата-аналары