1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиын және «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары туралы мәлімет.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиын және «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы болып, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі- Досмаков Нурлан Серикович, мектеп директорының міндетін атқарушысы – Байдильдинов Даниель Асетович, Қызылағаш ауылдық округінің учаскелік полициясы, Касенова Жамила Умиталиевна- мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы, мектебіміздің ұстаздары, ата-аналар, оқушылар қатысты. 1 сынып оқушыларын мектеп директорының міндетін атқарушысы Д.А.Байдильдинов құттықтап, оқушылар мен ұстаздарды марапаттады. 1-11сыныптар арасында «Мектебім-мейірім мекені» атты тақырыптағы ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
