Елді мекендердегі міндеттер мен атқарылған жұмыстарды саралау, түсіндірме жүргізуші топтың Қызылағаш тұрғындарымен кездесу жиналысы 24.09.2019 » "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы Білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
" Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)322-53-13
Есепші бөлімі:
+7(728)322-53-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Елді мекендердегі міндеттер мен атқарылған жұмыстарды саралау, түсіндірме жүргізуші топтың Қызылағаш тұрғындарымен кездесу жиналысы 24.09.2019
02
октябрь
2019

Елді мекендердегі міндеттер мен атқарылған жұмыстарды саралау, түсіндірме жүргізуші топтың Қызылағаш тұрғындарымен кездесу жиналысы 24.09.2019

«Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Елді мекендердегі міндеттер мен атқарылған жұмыстарды саралау, түсіндірме жүргізуші топтың Қызылағаш тұрғындарымен кездесу жиналысының хаттамасы

Күні: 24.09.2019ж
Қатысқаны: 65 адам

Күн тәртібінде:

1. «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Баяндамашы: Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Қасымбеков
2. Аудандық білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылына атқарылған жұмыстар және 2019-2020 оқу жылына қойылған міндеттері барысы туралы. Білім бөлімінің басшысы Б.С. Рамазанов
3. «Ел ертеңі- өз қолыңда» тақырыбында қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы. Баяндамашы аудандық ардагерлер алқасының төрағасы А.Айтбаев

1. Бірінші мәселе бойынша Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Қасымбеков сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат, яғни мемлекет басшысының жолдауында Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар бекітілетіні белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауы нақты мәселелерді қарастырады. Баспана алу әр адамның арман-мақсаты екені өтірік емес. Енді сол арманға өзіңіздің жинаған зейнетақы қорыңыздағы қаржыны жұмсау арқылы жете аласыз. Яғни, мемлекет басшысы арнайы зейнетақы қорындағы жинаған қаражатты әр азамат баспана алуға немесе білімге тиімді қолдануына жағдай жасауды көздейді. Бұл зейнетақы жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте ділелдеп отырғандай. Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық. Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдылық берілген салалардың бірі – мәдениет саласы. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Басшымыздың тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театрларда қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады. Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деп атап көрсетті. Ел арасында таратылған ең көп қауесет жер сатылу мәселесі жайлы еді. Президентіміз осы сөздерге нүкте қойып, ешқандай жердің сатылмайтынын мәлімдеді» - деп баяндама жасады. Жарыссөзге ауыл ақсақалдарының төрағасы А.Қ. Идрисов шығып, Президентіміздің жолдауын қолдайтындығын айтты.Ол өз сөзінде « Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтің алғашқы рет жолданған жолдауына ел зиялылары қолдау көрсетуде. Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.»- өз ойын қорытындылады.
2. Екінші мәселе бойынша Аудандық Білім бөлімінің басшысы Б.С. Рамазанов аудандық білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылына атқарылған жұмыстар және 2019-2020 оқу жылына қойылған міндеттері барысы туралы баяндама жасады. Баяндама барысында бүгінгі күні ауданымызда 51 білім беру ұйымы қызмет жасайды, 26- сы орта мектебі, 8- негізгі мектеп, 7- бастауыш мектеп, 7- мемлекеттік, 1-жекеменшік балабақша, 2- қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейтіндігі айтылды. 2018-2019 оқу жылында 7238 оқушы бітіріп, 1676 оқу озаты, 3116 оқу екпіндісі болғандығын айтты. Аудан бойынша білім сапасы 66,2 пайыз. 2019-2020 оқу жылында біім сапасын 69 пайызға арттыру жоспарлануда. 2018-2019 оқу жылында 249 мектеп бітіруші түлек ЖОО құжат өткізіп, 193-і грант иеленіп, 63,1 пайызды құрады. «SitCen» базасына 1- сынып бойынша 571 бала тіркелді. Жалпыға міндетті оқу қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 2018-2019 оқу жылында 27 мектепте 1019 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 2 мектепте 30 оқушыға қоғамдық тамақ ұйымдастырылған. 2019-2020 жылы 1100 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Бүгінгі күнде аудан бойынша 1301 ұстаз қызмет етуде. 1 шебер, 268 зерттеуші, 490 сарапшы, 487 модератор. 2019-2020 оқу жылы 1320 ұстаз қызмет етуде. Сөзін қорыта келе, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтің 2019 жылғы тамыз кеңесінде Педагогтердің мәртебесін көтеру туралы заңды қабылдау туралы өкіметке тапсырма берілді. ҚР азаматтарын тәрбиелеумен оқыту ісінде мемлекетіміз алдымызға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін ауданның педагогикалық ұжымы аянбай еңбек ететіндігін сөзге тиек етті.


Шешім:
1. «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауына қолдау көрсете отырып жұмыс жасау.

2. 2019-2020 оқу жылы аудан педагогтерінің курстан өтуін толық қамтамасыз ету арқылы білім сапасын көтеру