«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы жиналыс » "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы Білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
" Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)322-53-13
Есепші бөлімі:
+7(728)322-53-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы жиналыс
02
октябрь
2019

«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы жиналыс

«Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы жиналыстың хаттамасы


Күні: 04.09.2019ж

Қатысқаны:  50 адам 



Күн тәртібінде: 


  1. «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Баяндамашы: Аудандық мәслихат депутаты М.Д. Естибаев. 

1.Бірінші мәселе бойынша Аудандық мәслихат депутаты М.Д. Естибаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат, яғни мемлекет басшысының жолдауында Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар бекітілетіні белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауы нақты мәселелерді қарастырады. Баспана алу әр адамның арман-мақсаты екені өтірік емес. Енді сол арманға өзіңіздің жинаған зейнетақы қорыңыздағы қаржыны жұмсау арқылы жете аласыз. Яғни, мемлекет басшысы арнайы зейнетақы қорындағы жинаған қаражатты әр азамат баспана алуға немесе білімге тиімді қолдануына жағдай жасауды көздейді. Бұл зейнетақы жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте ділелдеп отырғандай. Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық. Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдылық берілген салалардың бірі – мәдениет саласы. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Басшымыздың тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театрларда қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады. Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деп атап көрсетті. Ел арасында таратылған ең көп қауесет жер сатылу мәселесі жайлы еді. Президентіміз осы сөздерге нүкте қойып, ешқандай жердің сатылмайтынын мәлімдеді» - деп баяндама жасады. 

Жарыссөзге мектебіміздің ардагер ұстазы Ә.О. Байтумаков  шығып, Президентіміздің жолдауын қолдайтындығын айтты.Ол өз сөзінде                   « Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтің алғашқы рет жолданған жолдауына ел зиялылары қолдау көрсетуде. Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.»- өз ойын қорытындылады. Жиналыс соңында барлық ұстаздар Президент жолдауына қолдау көрсететіндігін айтты. 


Шешім: 

  1. «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауына қолдау көрсете отырып жұмыс жасау.