1 Қазан- Қарттар күніне орай ұйымдастырылған апталық » "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы Білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
" Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)322-53-13
Есепші бөлімі:
+7(728)322-53-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Қазан- Қарттар күніне орай ұйымдастырылған апталық
01
октябрь
2019

1 Қазан- Қарттар күніне орай ұйымдастырылған апталық


«Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мемесі 


                                                                                   Аудандық білім бөліміне

1 Қазан-  Қарттар күніне орай ұйымдастырылған апталықтың мәліметі

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
  Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
 Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
 

1 Қазан-  Қарттар күніне орай « Қарттарым – асыл қазынам» атты қарт адамдарға   қайырымдылық көмек көрсету акциясы аясында ауылымыздың жалғызбасты ата-апаларымызға, атап айтсақ АкишеваСауле Акишевна,  Мукашева Бижамал Мукашевна, Айтақынова Күлтай Айтақыновна,  Мырзабекова Қарлығаш Данабековна,  Бектұрғанова Ғалия Тоқжигитовна, Ибраева Күләш Жұмахановна , Идрисов Алғұмар Қабайханұлы, Әнуар Ержан Сейтқалиұлына мектеп оқушылары барып   кездесу ұйымдастырып, мерекелерімен құттықтап қолдарынан келгенше өз көмектерін жасады.

























Осыған орай мектебімізде «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында қарттар күніне орай апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында мектебімізде ашық 

сынып сағаттары ұйымдастырылды. «Қарттарым асыл қазынам » атты мерекелік концерттен көріністер

 В контакте әлеуметтік желісінде акция аясында өткізілген іс-шаралар жарық көріп отырды. Сонымен қатар Вконтакте әлеуметтік желісінде  педагогикалық еңбек ардагерлері мен озат мұғалімдер туралы   материалдар жарық  көрді.