«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел » "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысы Білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
" Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)322-53-13
Есепші бөлімі:
+7(728)322-53-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел
20
сентябрь
2018

«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел

22 Қыркүйек- Тілдер мерекесіне орай 10-11 сынып оқушылары арасында «Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы »"тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында мектебімізде 20 қыркүйек күні «Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Елбасымыз Н.Ә: Назарбаев өз жолдауында айтқандай «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»- екендігін насихаттау, сонымен қатар еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жалпы дөңгелек үстелге 9-11 сынып оқушыларынан 20оқушы қатысты.

Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.Дөңгелек үстелімізде осы тақырыпқа сай оқушылар өз ойларын ортаға салды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұхаметжанова Жанар Алматайқызы өз сөзінде: « Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» - деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік» - деп оқушылар арасында одан ары ой қозғады.

«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел

 

«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел

 

«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел

 

«Тілдерді білу- бәсекеге қабілеттілік талабы » тақырыбында өткен дөңгелек үстел