«Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апталықта атқарылған іс-шаралар
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
07.-14.09.2018 ж. аралығында өткен «Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апталықта атқарылған іс-шаралар

жайлы мәлімет
Отбасындағы ата – ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы тәрбие беруші мен тәрбие алушының өзара қарым-қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтардың түсігін ашуға немесе бағалауға бағыт-бағдар беру түсінігінің құндылығын ашу. «Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында сыныптарда «Менің отбасым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Балалардың отбасындағы дұрыс тәрбие алуын қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуға бағытталған «Балалық шақ» сурет көрмесін бейнелеу пәнінің мұғалімі Сабитқызы Назира ұйымдастырды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатал жазалауды ескерту бойынша профилактикалық жұмыстарын мектеп психологтары ұдайы назардан тыс қалдырмайды.
«Жас Ұлан» ұйымының белсенді комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен
және, жол полициясы қызметкерлерініңқолдауымен Алматы -Өскенмен
республикалық маңызды трассада « Өмір-жылдамдықтан қымбат» атты қауіпсіз жол
акциясы ұйымдастырылды. Қызылағаш ауылында жол апатының алдын
алу мақсатында арнайы іс-шаралар өтті. Бұл күніжүргізушілерді жол патрульдік қызметкерлері ғана емес, жас еріктілер де
тоқтатты. Акция барысында жүргізушілерге арнайы үнпарақтар таратылды. Жол
ережесіне байланысты оқушылар өздерінің дайындаған сұрақтарын жүргізушілерге
қойып, осындай акцияға деген олардың көзқарастарын анықтады.
«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері Алматы -Өскенмен республикалық маңызды
трассада өткізген бұл акциялары әлі де өз жалғасын таппақ. Бұл акция талай
жүргізушіге ой салды деген ниеттеміз.
Бала тәрбиесі – бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып,
баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай
бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен
тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата – ана баласына кішкентай
күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық
қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен
түсіндіріп отыру керек. Ал бала да өзін
ойландыратын мәселені ата – анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата –
анаға әсер ететінін, ата – ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек. Осы тақырып төңірегінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Отбасының қоғамдағы рөлі»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Акция аясында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында фото көрме ұйымдастырылды.
«Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында 8-11 сынып оқушыларына «Жанұя»телефильмі көрсетілді.
Отан – отбасынан басталады дегендей, біз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге және тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан - жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден - бір орта, ол – отбасы. Отбасы- шағын мемлекет деп текке айтылмаған.Осындай тақырып төңірегінде «Отан- отбасынан басталады» тақырыбында пікірсайыс өтті.





































