Болашаққа сау тіспен
«Болашаққа – сау тіспен» сурет байқауы 🦷🎨 Мектебімізде Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушыларға ауыз қуысының гигиенасын сақтау, тісті күту мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.